in

Азия ойындары: Сания Сұлтанғали күміс медаль алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали күміс медальға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық балуан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті.

Шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.