in

Азат Мақсұм бүгін Бакудегі UFC турнирінде октагонға шығады

Бүгін, 21 маусым күні, Әзербайжан астанасы Бакуде UFC тарихындағы алғашқы турнир өтеді. Жекпе-жектер әйгілі Baku Crystal Hall аренасында ұйымдастырылады. Турнирдің басталуы – Қазақстан уақытымен 21:00-де, ал басты кард – түнгі 00:00-де.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін ең күткен сәт – Азат Мақсұмның жекпе-жегі. Ол UFC кешінің екінші айқасы аясында ресейлікТагир Уланбековпен кездеседі. Болжам бойынша жекпе-жек 21:10–21:20 сағат аралығында басталады.

Азат Мақсұм – жеңіл салмақта өнер көрсететін жарқын қазақстандық файтер. Ол өзінің жылдамдығы, техникасы мен жеңіске деген ерік-жігерімен танылған. Бұл – оның UFC-дегі маңызды сынақтарының бірі. Қарсыласы Тагир Уланбеков – тәжірибелі спортшы, Хабиб Нурмагомедов командасының мүшесі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз