in

Қазақстан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі кезеңінде бірінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отандастарымыз аралас командалық эстафетада жеңіске жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Оңтүстік Корея екінші орынға ие болса, ал үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңі Астанада 13-15 қараша аралығында “Алау” мұз сарайында өтіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.