in

Қазақстандық теннисші Мадридте өткен турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен италиялық Николь Фосса Уэрго Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Olimpic.kz мәліметінше, финалда олар испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте қарсыластары басым түсті –  7:6 (9:7). Екінші сетте Жібек пен Николь жеңіске жетті –  7:6 (7:4).

Кездесудің тағдыры шешуші тай-брейкте шешілді. Бұл жерде Қазақстан мен Италия теннисшілері 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.