Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.
Осылайша Шерзод Давлатов әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды.