in

Ризабек пен Чимаев бірге жаттықты: желіде қызу талқы басталды

Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан UFC жұлдызы Хамзат Чимаевпен бірге жаттығу жасаған видеосын әлеуметтік желіде жариялап, жанкүйерлердің назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Видеода қос спортшы күрес элементтерін пысықтап жатқанын көруге болады. Жазба астында Ризабек әзіл-шыны аралас:

«RAF лигасы! Қарсыласым ретінде Борзды беріңдер, тек спорт үшін», – деп жазған.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі мұны әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі екі спортшы арасындағы ықтимал текетіресті көргісі келетінін білдірді.

Айта кетейік, Хамзат Чимаев UFC-дегі жеңіліс көрмеген файтерлердің бірі саналады. Ал Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Екі мықтының бірлескен жаттығуы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.