Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Олимпиада чемпионын әлсізге теңеп тұрған мынау хайпажорды маған беріңдер, жарты раунд, – деп жазды Елеусінов.
Еркебұлан Тоқтар да Олимпиада чемпионының ұсынысына жауап берді.
– Бұл кісі – Олимпиада чемпионы ғой. Менің деңгейіме түсіп, менімен бокстасатын адам емес. Дәке, егер мені ұру керек болса, Rukh Boxing-ке келіп, ұрып тастай салсаңыз болады. Ал халықтың алдында болғанын қаласаңыз, промоутерлерге өтініш беріп, жауап бой жасаңыз. Мен максимально тұрып беремін. Олимпиада чемпионынан таяқ жеу ұят емес, – деді Еркебұлан Тоқтар.