in

Милад Карими Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Карим жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:

Еркін жаттығу – 13.433

Тұтқалы ат жаттығуы – 8.533

Шығыршықтағы жаттығу  – 12.933

Қол тіреп секіру – 14.400

Қоссырықтағы жаттығу  – 14.066

Көрмелері жаттығу – 12.700.

Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Айта кетейік, Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.