in

Канело мен Кроуфорд жекпе-жегінің баспасөз конференциясы өтті

Бүгін Эр-Риядта Сауль “Канело” Альварес (Мексика, 63-2-2, 39 KO) пен Теренс Кроуфорд (АҚШ, 41-0, 31 KO) арасындағы жекпе-жекке арналған алғашқы баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста (Allegiant Stadium) өтеді. Екінші орта салмақтағы барлық белбеулер мен “The Ring” журналының тарихтағы ең қымбат (188 000 доллар) белбеуі сарапқа салынады.

Канело:
“Ол мені жеңе алмайды. Уайымдамаңыздар. Кроуфорд мықты, бірақ ол – Канело емес. Мен мұндай сәттерді бұрын да бастан өткердім. Бұл менің ең үздік жекпе-жектерімнің бірі болады.”

Кроуфорд:
“Мен неге Канелоға қарсы шығуға бел будым? Себебі ол – Мейвезер, Пакьяо, Де Ла Хойя дәуірінің соңғы ұлы жауынгері. Мен де сол дәуірдің көлеңкесінде бастадым, бірақ мегафайттар маған бұйырмады. Канело – менің мегафайтым, менің тарихи сәтім.”

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз