10 қазанда Елена Рыбакина Арина Соболенкодан ойсыра жеңіліп қалды. Осылайша, ол WTA рейтингісінде жаңа орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенко қазақстандық теннисшіге еш мүмкіндік қалдырмады. Ол Елена Рыбакинаны 1 сағат 25 минут ішінде екі сетте — 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Соған қарамастан, WTA ұйымының мәліметіне сәйкес, Ухань турниріндегі өнерінен кейін (Рыбакина ширек финалға дейін жеткен), қазақстандық теннисші әлемдік жеке рейтингте 9-орынды сақтап қалды.
Ал Юлия Путинцева бірден 6 сатыға төмен түсіп, қазір 69-орында тұр. Жұптық разрядта Анна Данилина 12-орыннан 13-орынға түсті.