in

Едіге Қасымбек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз 125 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.

 Ал Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.