in

Бүгін – әлем чемпионатында алтын үшін таласатын боксшы Назым Қызайбайдың туған күні

Бүгін – қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Назым Жетіген ауылында (Алматы облысы) дүниеге келген.

Спорттық жетістіктері:

– Әлем чемпионы (екі дүркін);

– Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы (алтын медаль);

– Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері;

– Қытайда өткен турнирдің қола жүлдегері;

– Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (2016);

– Париж Олимпиадасында (2024) жартылай финалға шығып, қола жүлде иеленді;

2025 жылдың наурыз айында Халықаралық бокс қауымдастығы қамқорлығымен өткен үшінші әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Сонымен қатар спортшы «Құрмет» орденімен марапатталған.