in

Бүгін – елімізде Спорт күні

Бұл мереке – елімізді халықаралық аренада абыроймен танытып жүрген кәсіби спортшылармен қатар, салауатты өмір салтын таңдаған барлық азаматтарға ортақ.

Елімізде заманауи спорт нысандары салынып, спорт саласын жаңғыртуға бағытталған заңнамалық бастамалар жүзеге асырылып жатыр, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға жағдай жасалуда.

Спортпен шұғылдану денсаулықты нығайтып қана қоймай, ерік-жігерді шыңдайды, қиындықтарды жеңуге және алға қойылған мақсаттарға сенімді түрде жетуге үйретеді.
Спортшыларымызға және спортсүйер қауымға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.