in

Бибісара Асаубаева жеңіліске қарамастан, Norway Chess Women турнирінде көш бастап тұр

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің үшінші турында үндістандық Дивья Дешмухпен тең ойнап, армагеддон форматындағы қосымша партияда жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Классикалық партияда жеңімпаз анықталмады. Турнир регламентіне сәйкес өткен армагеддонда қарсыластар қайтадан тең нәтиже көрсеткенімен, қосымша 0,5 ұпай қара тастармен ойнаған Дивья Дешмухқа берілді. Бұл кездесуде Асаубаева ақ тастармен өнер көрсетті.

Соған қарамастан, үш тур қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 5,5 ұпаймен турнир кестесіндегі жеке-дара көшбасшылығын сақтап қалды. Ал Дивья Дешмух 4,5 ұпаймен екінші орында келеді.

Келесі турда қазақстандық шахматшыны маңызды сын күтіп тұр. Ол әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньпен кездеседі.