in

Балаларды жертөледе жаттықтырып жүрген Болат Жұмаділов туралы қуанышты хабар тарады (видео)

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Болат Жұмаділов жұмысқа орналасты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов желідегі парақшасында хабарлады.

«Елімізге танымал кәсіпкер, спорт жанашыры Махат Төрәлі даңқты боксшымыз Болат Жұмаділовке қолдау танытып, тұрақты жұмыс тауып берді. Яғни, Болат ағаммыз бұдан былай елорда төріндегі Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде бапкер ретінде жұмыс істеп, жоғары деңгейде жалақы алады. 800 шаршы метрлік заманауи бокс залында болашақ чемпиондарды даярлайды. Құтты болсын! Осындай мүмкідік беріп жатқан Махат Төрәліге мың алғыс!» – деп жазды журналист.

Айта кетейік, Болат Жұмаділов бұған дейін журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берген еді. 

Даңқты боксшы жертөледе балаларды жаттықтырып жүргені белгілі болды.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.