in

Атақты қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі парақшасында қазіргі чемпиондарды жекпе-жекке шақырып, тосын мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Чемпиондар, мен сендерді қуатындай уақытым жоқ. Сендер боксты масқаралап жатырсыңдар! Егер айқасқа шығуға келіспесеңдер, онда неге белдікті ұстап отырсыңдар? Бұлай қиын болады деп ойламап едім!” – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Кейінірек ол тағы бір жазба жариялап, америкалық боксшы Терренс Кроуфордпен кездесуге ниетті екенін білдірді.

“Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке шығуға келіссе, мен үлкен қуанышпен рингке шығар едім. Біздің айқас әрбір жанкүйерді толқытып, бір сәтін де қалт жібермей көргісі келетіндей әсерлі болар еді”, – деді қазақ боксшысы.