in

Астанада Спорт күніне орай жаппай велошеру өтеді

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 8 тамыз күні Спорт күніне орай жаппай велошеру өтеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қатысушыларды онлайн тіркеу 5 тамыз күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталып, белгіленген 700 адамдық лимитке жеткенге дейін жалғасады.

Тіркелген қатысушыларға лотерея билеттері 8 тамыз күні сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін іс-шара өтетін жерде таратылады.
Велошерудің басталуы – сағат 09:00-де «Астана орманы» жасыл белдеуі аумағында. Бағыты: Қосшы – Үркер.
Қатысушылар 21 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Велошеру Астана қаласы әкімдігінің, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.