Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екі ұлының қарындасы болғанын қатты қалайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына бала асырап алудың жолдарын түсіндіріп, білікті маманның кеңесін бөлісті.
“Бала асырап алудың 4 жолы бар: асырап алу, қамқоршылыққа алу, патронат және өз отбасына қайтарылады”, – деп жазды тележүргізуші.
Сонымен қатар журналист бала асырап алуға қатысты өз пікірін айтты.
Ләйлә Сұлтанқызы екі ұлы қарындасы болғанын қатты қалайтынын жеткізді. Сол себепті олар жұлдызды анасына қыз баланы асырап алуын өтініп жүрген көрінеді.
“Ұлдарым маған үнемі қыз асырап алайықшы деп айтады”, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.