in

Құтқарушылар пластик түбекті басына киіп, шеше алмаған 4 жастағы балаға көмекке келді

Құтқарушылар баланың басынан пластик құмыраны шешуге көмектесті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Елордалық 112 пультіне Есіл ауданы Ұлы Дала даңғылындағы үйде 2022 ж.т. баланың басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп, оны өздігінен шеше алмай қалғаны туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел жетті. 

Құтқарушылар арнайы механикаландырылмаған құралдың көмегімен пластик түбекті абайлап кесіп алды. 

Түбек баланың басынан қауіпсіз түрде алынды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.