in

Қазақстанда туристерге арналған мобильді платформа іске қосылды

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында туризм саласын дамыту мен шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы бағытта қолға алынған бастамалардың бірі – ел аумағына кірген әрбір шетелдік туристке арнайы QR-коды бар туристік карта беру.

Мұндай карталар шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еліміздің туристік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Қазіргі таңда шетелдік қонақтардың жайлылығы үшін safetravel.kz мобильді платформасы іске қосылды.

Сонымен қатар туристік карталар Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда, сондай-ақ Түркістан облысындағы “Қапланбек” шекаралық бақылау бекетінде таратылып жатыр. Бұл бастама алғашқы кезеңнің өзінде оң нәтижесін көрсетуде.

Туристік картадағы QR-код арқылы көптілді ақпараттық порталға өтуге болады. Онда мынадай маңызды мәліметтер ұсынылған:

Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған “102” мобильді қосымшасын жүктеу бойынша кеңестер (соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде “SOS” батырмасы арқылы көмекке шақыру мүмкіндігі);

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.