in

Қазақстанда картоп пен пияз қоры жеткілікті ме?

Болжамды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» ғылыми-зерттеу бюросы мен ҚР АШМ бірлесіп әзірлеген,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024-2025 маркетингтік жылы бойынша картоп баланстары нақтыланды.

Пияз
2024-2025 және 2025-2026 маусымдарының Қазақстан Республикасындағы пияз балансына қатысты салыстырмалы талдауы келесі негізгі өзгерістерді көрсетеді:

Қорытынды:
2025-2026 маусымына арналған болжам экспортты қалпына келтіруге және өндірісті біртіндеп арттыруға басымдық беретінін көрсетеді. Сонымен қатар ішкі тұтыну абсолюттік көлемде де, жан басына шаққанда да арта бермек.

1-кесте. Қазақстан Республикасындағы пияздың ресурстары мен пайдалану балансының бағасы (тоннамен)

МГ

Экспорт

Импорт

Өндіріс

Шығын (7%) және өндірістік тұтыну (5%)

Халық тұтынуы

Адам басына шаққандағы тұтыну

2022/23

150 275

(342 185)

 (192 802)

1 113 998

133 680

 (830 935)

45

(42)

2023/24

 (283 261)

 (134 402)

812 780

97 534

 (566 387)

(28)

2024/25**

 (85 531)

 (143 408)

756 744

 

90 809

 

 (723 812)

(36)

2025/26*

 (111 190)

 (100 386)

 (1 008 978)

 (131 313)

 (866 861)

(42)

Ескерту: болжамдық бағалар
** фитосанитариялық сертификаттар бойынша, себебі 2025 жылдың қаңтар-маусым айларына ресми статистика әлі шыққан жоқ

Картоп

2024-2025 және 2025-2026 маусымдарының Қазақстандағы картоп балансына салыстырмалы талдау келесі өзгерістерді көрсетеді:

Алайда  бұл жерде маңызды ескерту қажет.
Ауылшаруашылық алқаптарында жүргізілген зерттеулерден кейін балансқа айтарлықтай түзетулер енгізілді.
2024 жылғы картоп өнімінің ерекшелігі –  жоғары өнімділікке қарамастан, сапалық сипаттамалардың төмендігі болды.
Ең әлсіз көрсеткіш – сақталу қабілетінің (лёжкость) нашарлығы. Сонымен қатар  статистикалық деректер қайта қарастырылу үстінде.
Біз шығын коэффициентін орташа көпжылдық 22-нің орнына 42 деп алдық. Осылайша, барлық нақты деректер логикалық орындарына отырды. Болжамымызша, нақты биологиялық шығын дәл осындай болған.

Қорытынды:
2025-2026 маусымында ішкі нарықта картоптың өндірісі мен тұтынуының төмендеуі күтіледі,  бұл – 2024-2025 жылғы рекордтық маусымнан кейінгі қалыпты түзету.

Сонымен қатар экспорт біршама өсіп, тұрақты болып қалады, ал импорт қысқарады.
Бұл жалпы өнім көлемінің артуы аясында ресурстардың сыртқы нарықтарға қайта бөлінгенін көрсетеді.

2-кесте. Қазақстан Республикасындағы картоптың ресурстары мен пайдалану балансының бағасы (тоннамен)

МГ

Экспорт

Импорт

Өндіріс

Шығын (10%) және өндірістік тұтыну (12%)

Халық тұтынуы

Адам басына шаққандағы тұтыну

2023/24

 (598 750)

 (43 017)

2 046 772

450 290

 (1 040 749)

51

2024/25**

 (331 855)

 (238 478)

2 634 099

 (579 501)

1 349 726

(1 961 221)

 (95)

2025/26*

318 115

(345 129)

 (228 939)

 (2 745 752)

 (604 065)

1 392 178

(2 025 497)

 (96)

Ескерту:

болжамдық бағалар
** фитосанитариялық сертификаттар бойынша, себебі 2025 жылдың қаңтар-маусым айларына ресми статистика әлі шыққан жоқ

Жедел ақпарат:
Қазіргі уақытта нарықта тек жергілікті өндірістің пиязы мен картобы ғана пайда болуда. Өндіріс көлемінің бағалауы оңтүстік өңірдегі құрғақшылық пен солтүстік аймақтардағы кейбір артық ылғалдылыққа байланысты түзетулерді қажет етуі мүмкін.
Қазір жеткізілімдердің бұзылуы қаупі жоқ, ұсыныс тұрақты, бағалар да тұрақты.
Алдағы уақытта пияз бен картоп бойынша нарықтық мәліметтер мен сауда стратегиясына қатысты ұсыныстарды қамтитын ағымдағы жағдай туралы мәліметтер жарияланады.

Баланс құрастыру әдістемелік түсініктемелері:
Мерзімі:
Баланс есептеулерінде маркетингтік жылдар (әрі қарай – МЖ) қолданылды, себебі олар бизнесті бағытталған пайдаланушылар үшін ыңғайлы. Маркетингтік жыл қыркүйек айының басынан басталып, тамыз айының соңында аяқталады.

Өндіріс:
Деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы (әрі қарай – ҰСБ) жарияланымдарынан алынған. 2023 жылы ҰСБ егістік және мал шаруашылығына қатысты кейбір статистикалық көрсеткіштерді, оның ішінде шаруа және фермерлік шаруашылықтар мен халық шаруашылықтарының деректерін қайта қарастырды. Бұл ресми статистиканың дәлдігі мен сенімділігін арттырды. Сондықтан 2023/24 МЖ деректерін негізге алып, 2022/23 МЖ деректерін сілтеме ретінде қарастырған жөн.

Ауысып қалған қалдықтар:
Пияз бен картоп әдетте 12 айдан артық сақталмайды, ал есептеу кезеңі жинау маусымына сәйкес келеді, сондықтан балансқа ауысып қалған қалдықтар есепке алынбаған.

Шығындар мен өндірістік тұтыну:
Пияз бен картоптың жоғалтулары мен өндірістік тұтынуын бағалау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұсынған және халықаралық тәжірибеге негізделген болжамдық коэффициенттер қолданылды.

Шығын:
ФАО әдістемесі жеткізу тізбегінің әр кезеңінде, оның ішінде сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу кезінде жоғалтуларды бағалауды қарастырады. Статистикалық деректер болмаған жағдайда орташа көрсеткіштер пайдаланылды:

Өндірістік тұтыну:
Өндірістік тұтыну тұқымдық мақсаттарда, мал азығы ретінде және өндірістік қайта өңдеуде пайдалануды қамтиды. Толығырақ деректер болмағандықтан, орташа коэффициенттер қолданылды:

Тұтыну:
Тұтыну мына формула бойынша есептеледі:
= + – –

Адам басына шаққандағы тұтыну:
Маркетингтік жылдың екінші жартысына сәйкес келетін жыл басындағы халық санының ҰСБ деректері пайдаланылды.

Болжам:
Болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дақыл өндірісіне қатысты бағалаулары мен сыртқы сауда мен халық саны бойынша сараптамалық бағалаулар негізінде жасалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.