Оңтүстік Кореяның «BNK» коммерциялық банкі» жұмысын бастауға әзір. 2023 жылы Президент елге сенімді шетелдік банктерді тартып, қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру туралы тапсырма берген. Бұл жұмыстар соның аясында атқарылып жатыр.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова BNK Commercial Bank басшылығына лицензияны салтанатты жағдайда табыстады. Бұл Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банктік лицензия. Аталған іс шаралар мемлекет басшысының елге сенімді шетелдік банктерді тартып, осы саладағы бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жасалды.
BNK Commercial Bank халықаралық қаржы холдингі Оңтүстік Кореяның BNK Financial Group құрамына кіреді. Активі 103 млрд АҚШ доллары. Банк Қазақстанда цифрлық сервистерді дамытады. Шағын және орта бизнестің дамуына 10 млрд теңге инвестиция құяды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.