in

Суицидке жиі баратындар – ер адамдар

Кез келген ажал құшқан азамат толықтай бір қоғамның руханиятына дерт болып жабысады. Өкінішке қарай, елімізде өз-өзіне қол жұмсау статистикасы жаға ұстатып отыр. Aiqyn газеті авторы бұл жайлы мақала жазды.

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу құр­бандары көбіне ер адамдар. Биылғы жыл­дың алғашқы бес айындағы ста­тис­ти­ка бойынша зардап шеккендердің 71,5%-ы немесе 377 адам – ер адамдар. Ең жиі кез­де­сетін жас санаты – 30 мен 49 жас ара­лығындағы орта жастағы адамдар. Олар­дың жиынтық үлесі 40,8%-ды құ­рай­ды. Осы статистикадағы 18 жасқа дейін­гі балалар мен жасөспірімдердің үле­сі  10,4% немесе 55 адамды құрайды.

Бұл жағдайдың басты себебін әлеу­мет­танушы Темірлан Төлеу экономи­ка­лық факторға теліді.

– Көптеген қоғамда, соның ішінде Қазақстанда да, ер адамдардан «жер тірегі болу», материалдық және моральдық жауап­кершілікті көтеру керек деген көз­қарас қалыптасқан. Бұл қысым пси­хо­логиялық тұрғыда ауыр тиеді. Оның үсті­не, ерлерге «жылама», «әлсіз болма» де­ген нормалар жиі сіңіріледі. Соның сал­дарынан олар психологиялық көмек сұ­рауға сирек барады. Менің ойымша, ең бас­тысы – экономикалық фактор. 30-49 жас аралығы еңбекке қабілетті, отба­сы­лы, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кезең. Жұмыссыздық, қарыз, кәсіби күй­зеліс сияқты факторлар осы топқа қат­ты әсер етеді. Осы және басқа да фак­торлардың әсерінен ер адамдардың ара­сын­да өзін-өзі қол жұмсау жоғары, – дей­ді әлеуметтанушы.

Жалпы алғанда, Қазақстанда соңғы бір­неше жыл ішінде суицидтердің саны бір деңгейде қалып отыр. Осы жылдың алғашқы бес айында Қа­зақстанда 1,4 мың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді. 69,8% жағдайда мұндай шара­сыз қадамға ер адамдар барған. кә­мелет жасына толмаған 89 бала қаза тапты. Сон­дай-ақ кәмелетке толмағандар ара­сын­да өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің 195 жағ­дайы тіркелді.

Мақаланы толық  мына сілтемеден оқи аласыз