in

“Перизат Қайрат жалғыз жымқырды деп ойламаймын”: заңгер Шекеев өз пікірін айтты

Мейірман Шекеев Stan.kz-ке берген сұхбатында  осыншама көп ақшаны Перизат Қайраттың жалғыз өзі жымқырды дегенге сенбейтінін жеткізді.

“1991 жылғы қыз емес пе?! Жоғары білімі жоқ. Ол жалғыз істеді деп ойламаймын. Соншама миллиардтаған ақшаны бір қыз жеді деп ойламаймын. Оның қасында жоғары шенді адамдар болған. Оны өзі де айтып жатыр. Байбектің есімі, басқа да кісілердің есімдері аталып жатыр. Менің ойым әзірге солай. Бірақ оның құқықтық бағасын сот береді”, – деді Мейірман Шекеев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.