Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы аттас ауылда 2 жасар сәби ойнап жүріп, кір жуғыш машинаға қыстырылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Баланы өздігінен шығара алмаған анаға құтқарушылар дереу көмекке келіп, сәбиді жұбатып, жабдықтан сәтті шығарып алды.
Балақай зардап шеккен жоқ.
«Құрметті ата-ана, баланы қараусыз қалдырмаңыз! Оқыс оқиғалардың алдын алыңыз!» – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.