in

Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогерге қатысты іс тоқтатылды

Наурызбай аудандық сотында блогер Әлішер Теменовке қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы Kazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұқағали Мақатаевқа қатысты жариялаған бейнежазбасына байланысты оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 131-бабы (Қорлау) бойынша іс қозғалған.

Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі агенттік сауалына жауап беріп, жәбірленуші тарап пен айыпталушының татуласуына байланысты істің тоқтатылғанын хабарлады.

Kazinform тілшісі ақиық ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаевпен де тілдесті. Ол Әлішер Теменовтың сотта кешірім сұрауына, отбасылық жағдайын айтуына және «өз сөзін жоққа шығаратын бейнежазба түсіремін» деп уәде беруіне байланысты кешірім бергенін айтты. Сондай-ақ блогер жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге өтемақы беруге келісіп, оның 2 млн теңгесін соттан кейін беріп қойған.

Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында тізерлеп кешірім сұраған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.