Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2 ересек адам 3-ші және 4-ші қабаттардың арасында лифт ішінде тұрып қалған.
Шақырту орнына келген құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, адамдарды көтеріп алып шықты.
ТЖМ лифтте тұрып қалғанда келесі ережелерді ұстану керек екенін еске салады:
1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
2. диспетчерге хабарласыңыз;
3. барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.