Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмысына байланысты мына көшелер 25 шілдеге дейін жабық болады әрі қозғалыс толығымен шектеледі:
– Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;
– Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, – делінген ресми хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.