in

Аптап ыстықтан қалай сақтану қажет?

Қазақстанның барлық өңірлерінде аптақ ыстық қолайсыздық туғызып, кей жағдайда сақтық шараларын сақтамаса адам өміріне, денсаулығына қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі қатты ыстықта сақтық шараларын еске салады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатты ыстықта сақтық шаралары:

– әсіресе ең ыстық сағаттарда сыртта болуды шектеу;

– қарқынды физикалық белсенділіктен аулақ болу;

– су ішу режимін сақтау, тәтті және алкогольдік сусындардан аулақ болу;

– тек жабдықталған жағажайларда шомылу;

– балаларды судың жанында қараусыз қалдырмау, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.