in

Boxy Wealth қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті  Boxy Wealth  қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1 800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.

Сондай-ақ  рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.

Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған.

Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.