in

«Өлген баламды жерлейтін жер таппай қиналдым»: бес баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ана үйлі болды (видео)

Қайырымды ісімен танымал бетперделі адам Айнәзік есімді жалғызбасты анаға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалдамалы пәтерде тұратын ол бес қызын жалғыз тәрбиелеп отыр. 17 жастағы үлкен қызын бір топ  еркек көшеде зорлап, содан психологиялық жарақат алғанын айтады. Ал ортаншы қыз аутизмге шалдыққан. Оған қарайтын ешкім болмағандықтан беліне байлап, еден жуып жүр.

«Жалғызбасты анамын, бес қызым бар. Үшінші қызым ауырады, аутизм. Беліме байлап жұмысқа ертіп барамын. Екі көзі көрмейді. Кафелерде кешке еден жуамын. Жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Үлкен қызымның жасы он жетіде. Көшеде бір топ бала зорлап, психологиялық жарақат алды. Айғайлап, шулап, бөлмесінен шықпайды. Жалға алу ақысын бере алмай қалатын кездер болады. Сол кезде қолымда ауыратын балам бар еді. Жүрегі тесілген, сол қайтыс болды. Балам қолымда, күн ыстық, оны қай жерге жерлеймін деп қиналдым», – дейді көзіне жас алған ана. 

Бетперде таққан жігіт қыздарының еміне қаражат беретінін айтып, жалғызбасты анаға баспана сыйлады. Сонымен қоса кәсіп ашуға көмектесетінін айтты.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.