in

Әнші Мұқасан Шахзадаев қамауға алынды – Жан Ахмадиев

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлейменді есінен таңғанша ұрған Мұқасан Шахзадаевқа қатысты жаңа ақпарат пайда болды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Кеше Мұқасан Шахзадаевтың полициядан қашып жүргені айтылған еді. Бүгін оның қамалғаны туралы мәлімет шықты. Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев әлеуметтік желіде айтты.

“Қайырлы таң, қасқыр мінез қазағым! Күні кеше бізге Мұқасан Шахзадаевтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғаны жайлы ақпарат жетті. Ғалымжан мырза соңына дейін барамыз деп отыр. Мен оның әрекетін дұрыс деп санаймын. Оған көмектесіп, әділдікке жетуіне барымызды саламыз. Сіздерден де қолдау керек, қазақ елі”, – деді Жан Ахмадиев.

Жәбірленушінің қорғаушысы Инга Иманбай Ғалымжан Сүлейменнің жағдайы ауыр екенін жеткізді. Айтуынша, оған ота жасалған. Ол ауруханада болғаннан кейін дәл қазір тергеу, беттестіру жұмыстарына қатыса алмаған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.