Әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа ие болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы өзін қолдап жатқан жандарға алғысын білдірді.
Ақмоншақ Нұртазақызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Сондай сұрақтардың бірінде өзіне қолдау танытқан жандардың болғанын айтып, алғысын білдірді.
“Мыңдаған адамның қолдауын сезініп, ұйықтай алмадым. Мен сіздермен біргемін”, – деп жазды Ақмоншақ Нұртазақызы әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қазіргі уақытта мектеп директоры әлеуметтік желідегі белсенділігін одан әрі арттырып, өзінің контенттерін жүзеге асырып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.