in

Құрылыс алаңында жас жігіт қаза тапты

Шымкентте қайғылы жағдай тіркелді. Құрылыс алаңында 24 жастағы Үмітжан Балтабаев лифт шахтасына құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасының ақпаратына сілтеме жасап.

Оқиға жұмыс уақытында болғанымен, алаңда жауапты мамандардың болмағаны анықталды. Құрылысқа жауапты «Айна Мэйр Хаус» ЖШС әзірге түсініктеме берген жоқ.

Полиция аталған дерек бойынша «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар еңбек инспекциясы арнайы тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.