Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұзғаны анықталды.
“Жергілікті атқарушы орган заңды бұза отырып, 461 гектар жайылымдық жерді жеке меншікке берген”, – деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтағы құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Облыстық прокуратураның ақпаратынша, б асым бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.