Әлеуметтік желіде қыздың жасауын әкелген құдалардың видеосы желі қолданушыларын таңғалдырды. Қалыңдықтың төркіні жігіт жаққа үш пәтер мен Mercedes көлігін жасаудың бір бөлігі ретінде ұсынған, – деп хабарлайды Aiqyn.kz сайты Аnyqtime.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Бейнежазбада қыздың жасауына үш пәтер берген, оның бәрі белгілі компаниядан сатып алынған.
– Мерей қызымызға толығымен жабдықталған 1 бөлмелі пәтер. Тағы бір пәтер Шымкенттен, бағасы – 28 миллион теңге. Төлемі толық төленген. Үйдің құрылысы келесі жылы бітеді, кілтін сол кезде береді. Үшінші пәтер Алматыдан, – дейді жасауды таныстырған келіншек.
Telegram арнасының мәліметінше, толық жиһаздалған үй жасауының алдында тұрған Mercedes көлігі де сыйлаған. Қалыңмал ретінде қыз жағы 10 миллион теңге сұраған. Жігіт жағы да “құда-құдағи, әке күші, ана сүті, өлі-тірісі бар – барлығын қосқанда 10 миллион теңге қалыңмал береміз” деп құралақан қалмаған секілді.