«Тергеу нәтижелері бойынша заңнама аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Ұсталған адамның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы – «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша саралануда», – делінген Қостанай облысы Полиция департаментінің мәлімдемесінде.
Тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта барлық қажетті әрекеттер жүргізілуде.
Еске салайық, Қостанай облыстық ауруханасының жедел жәрдем бөлмесінде тексеру кезінде науқас хирургке шабуыл жасаған. Зардап шеккен дәрігер 34 жастағы хирург-уролог Антон Кистанов. Ол Қостанай облыстық ауруханасында алты жылдан бері жұмыс істеп келген. Кеше Антон Кистанов Астанаға жеткізілген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.