in

Қарағандыда 90 жастағы кейуана дауыс берді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев АЭС салу мәселесі бойынша дауыс берді. Өңір басшысы Кеншілер мәдениет сарайындағы № 17 учаскеде өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Біздің учаскеде 2201 адам тіркелген. Белсенділік бар, адамдар таңертеңнен келіп, дауыс беріп жатыр. Осы сағатқа дейін референдумға қатысқан ең егде дауыс берушіміз 90 жастағы кейуана, – деді № 17 учаске төрағасы Ерлан Құлымбетов.

Дауыс беру процесін тәуелсіз байқаушылар қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 650 учаске жұмыс істейді. Референдумға қатысушылардың тізімінде 760 мыңнан астам тұрғын тіркелген.