Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған заңгер сәби кезінде бельгиялық әйелге сатылған қазақ баласы Жәнібекке қатысты істі қолға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мейірман Шекеев бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталғанын айтты.
«Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған. Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда, кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды», – деді қорғаушы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.