Қазақстан мен Қытай «Ақылды кеден» атты инновациялық пилоттық жобаны Қазақстан-Қытай шекарасында жүзеге асыруға кірісті. Бастама шеңберінде «Бақты» (ҚР) – «Покиту» (ҚХР) шекаралық өткізу пункттері арқылы жүргізушісіз жүк тасымалын іске қосу жоспарлануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жобаның негізгі ерекшеліктері:
жүргізушінің қатысуынсыз шекараны автоматты түрде кесіп өту үшін жүргізушісіз көлік құралдарын (AGV) пайдалану;
екі ел де мойындайтын бірыңғай электронды декларацияны іске қосу;
қолмен жасауды барынша азайта отырып тәулік бойы жүк қозғалысын қамтамасыз ету;
жүк тасымалын толық цифрлық сүйемелдеу және ресімдеу;
автоматтандырылған навигация мен бақылауды енгізу.
Күтілетін нәтиже:
жүк ағынын жылына 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту;
кедендік ресімдеу уақытын едәуір қысқарту;
көлік шығындарын азайту;
логистикалық операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру;
автокөлік инфрақұрылымының жүктемесін азайту және логистикалық хабтарды дамыту;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде астық, майлы дақылдар, ет және қайта өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру.
Экономикалық маңызы:
Бұл бастама шекара маңы инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестиция тартуға серпін береді. Жобаны іске асыру Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік торап ретіндегі позициясын күшейтеді.
Сапар шеңберінде жобаны бірлесіп іске асыруға, іс-қимылдарды үйлестіруге және кедендік әрі логистикалық рәсімдерді цифрландыру саласында тәжірибе алмасуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.