in

Қазақстанда 35 миллион тонна мал азығы дайындалды

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,7 млн тонна шөп (жоспардың 100,9%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%), 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%), 1,8 млн тонна сабан (88,0%), 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125, 2%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), сондай-ақ Жетісу облысында (104,5%) жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.