in

Қазақстанда әуе тасымалын субсидиялау бағдарламасы тиімді жүзеге асып келеді

3 маусым мен 31 тамыз аралығында SCAT әуекомпаниясының әуекемелерінде Көкшетаудан Ақтау және Шымкент қалаларына ұшу сыйымдылығы анағұрлым кең – Boeing 737 ұшақтарында жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл жолаушылар орындарының санын айтарлықтай арттырды.

Бұрын бұл бағытта 50 жолаушыға арналған CRJ-200 ұшағы пайдаланылған. Қазір авиалайнерлердің сыйымдылығы 126 орынды құрайды, бұл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 есе артық. Ұшулар өңірлік әуе тасымалдарын субсидиялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.