in

Қазақстанда жұмыссыздықтың төмен деңгейі сақталып отыр

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталып отыр. Жұмыспен қамтылғандар қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ағымдағы трендтер қатарында негізгі үш бағытты ерекшелеп айтуға болады. Олар:

Біріншіден, цифрландыру мен автоматтандыру. Қазіргі мамандықтардың көбісі цифрлық дағдыларды талап етеді.

Екіншіден, платформалы жұмыспен қамту және электронды сауда. Адамдардың көбісі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді, фриланспен, электронды  саудамен және т.б. айналысады.

Үшіншіден, елімізде халықтың саны өсуде, соның нәтижесінде жыл сайын еңбек нарығына келіп жатқан жастардың қатары артуда. Болжам бойынша, 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 360 мың адамға дейін өсуі мүмкін. Бұл еңбек нарығына қосымша салмақ түсіреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.