in

Қазақстанда жүктердің қозғалысын қадағалау үшін «Цифрлық жібек жолы» жобасы енгізіледі

Оның шеңберінде барлық жүк тасымалын қадағалап отыруға арналған бірыңғай логистика картасы жасалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба жүктердің қозғалысына байланысты негізгі деректерді визуализациялауға, жолдар мен бекеттердің жүктемесін анықтауға, республикадағы жол инфрақұрылымын дамыту үшін қосалқы сервистерді талдауға бағытталған.

«Жоба шеңберінде картада кеден бекеттері, автожанармай құю стансалары, уақытша сақтау қоймалары, бақылау аркалары мен төлем алу пункттері және тағы да басқалар цифрландырылатын және геопозицияланатын болады», – деп нақтылады министр.

Бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті аркалар мен автожанармай құю стансаларындағы бейнекамераларды көре алады және автокөлік құралдары қозғалысын қадағалайды. Бұл бақылаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етіп, мәлімделген маршруттан ауытқуларды және ықтимал жалған транзитті анықтауға көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.