in

Қабырғадағы қасірет таңбасы

Жыл басынан бері Астанада осы сипаттағы құқықбұзушылықтарға байланысты алты қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар қала аумағында есірткі жарнамасы бар 200-ден астам жазу анықталған. 

Бүгінде есірткі қылмысының ал­­ды­н алу және заңсыз жарна­ма­лардың таралуына тосқауыл қою құ­қық қорғау ор­гандары жұмы­сы­ның маңызды ба­ғыт­тарының біріне ай­налды. Әсіресе тұр­ғын үйлердің қа­бырғаларына, ғи­мараттардың қас­беттеріне және қо­ғам­дық орын­дарға салынатын күмәнді жазу­лар полицияның жіті назарында. Се­бебі мұндай жазулар қаланың сәу­лет­­тік келбетіне нұқсан келтіріп қа­на қой­май, есірткі заттарын заң­сыз тара­ту­ға арналған ақпараттың көп­шілікке қол­жетімді болуына жол ашады.

Қалалық Полиция департамен­ті­нің мә­ліметінше, жыл басынан бе­рі елор­да аумағында есірткі құ­рал­дарын жар­намалайтын граф­фи­ти­лерді салудың 200-ден астам де­ре­гі анықталған. Заң­сыз жазулар көбіне көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларында, ау­лаларда және қалалық инфра­құры­лым ны­сан­дарында кездеседі. Осыған бай­ла­нысты тәртіп сақшылары мұн­дай жарнамаларды дер кезінде анық­тау, олардың таралуына жол бермеу жә­не заңсыз әрекетке қатысы бар аза­­­­­маттарды жауапкершілікке тарту ба­ғытындағы жұмыстарды жан­дан­ды­рып отыр.

Әрбір анықталған дерек назар­дан тыс қалмайды. Полицейлер заң­­­­сыз жа­зу­лардың қалай пайда болу мән-жайын анықтап, қолда­ныс­тағы заң­на­маға сәйкес тиісті іс-шаралар қабыл­дай­ды. Сонымен қатар есірткі құрал­дарын насихат­тау­ға және жарнамалауға қатысы бар адамдарды анықтау жұ­мыс­тары да атқарылып жатыр. 

Жалпы, қала қабырғаларына рұқ­­­сат­сыз  жазу мәселесі де өзекті бо­­лып отыр. Ресми деректерге сүйен­­сек, жыл ба­сынан бері Аста­на­да ғимараттардың қасбеттері мен қа­лалық инф­рақұры­лым нысан­да­рына граффити салудың 800 дерегі тір­келген. Бұл көрсеткіш қо­ғамдық кеңістіктерді қорғау, қала та­залы­ғын сақтау және тұрғындардың ор­­тақ мүлікке жауапкершілікпен қа­рау мә­селелеріне ерекше көңіл бөлу қа­жет­тігін көрсетеді.

Мамандардың назарында әсі­ре­се тұр­ғын алаптар, халық көп шо­ғыр­­ла­на­тын қоғамдық орындар мен қа­ла­ның инфрақұрылымдық ны­сандары бар. Мұндай аумақтар­дағы бақылауды күшейту заңсыз жазуларды ерте анық­тауға және құ­қықбұзушылық­тар­дың алдын алу­ға мүмкіндік береді.

Есірткі жарнамасының қаупі – оның сырттай қарағанда қарапайым жазу немесе сурет түрінде көрі­нуін­де. Алайда мұндай белгілердің аста­рын­да заң­сыз әрекеттерге бағыт­тай­тын ақ­парат болуы мүмкін. Сон­дықтан по­ли­ция қызметкерлері бұл мәселеге тек қа­ла келбетін бұза­тын әрекет ретінде емес, қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қа­тердің бірі ретінде назар аударып отыр.

Бұл ретте құқық қорғау орган­дары ал­дын алу шараларының маңы­зына да ерекше мән береді. Есірт­кі құрал­дары­ның заңсыз ай­налымына қарсы күрес тек қылмыс жа­салғаннан кейін тиісті шара қол­данумен шек­тел­меуге тиіс. Құқық­бұзу­шылыққа ықпал ететін жағ­дай­ларды дер ке­зінде анықтау, заң­сыз жар­наманың таралу арналарына тос­қауыл қою және тұрғындардың құ­­қық­тық сауат­тылығын арттыру да маңыз­ды.

Полиция департаменті есірткі құрал­дарын жарнамалау мен наси­хат­тау, сондай-ақ бөтеннің мүлкін қа­са­қана бүлдіру Қазақстан Респуб­ли­ка­сының заңнамасына сәйкес жауап­кер­шілікке әкеп соғатынын ес­­­кертеді. Сон­дықтан қоғамдық орын­­­­­дарға заң­сыз  жазу немесе есірт­­кі жарнама­сын орналастыру жай ғана тәртіп­бұзу­шылық емес, заң а­я­сында қаралатын әре­кет еке­нін ұмыт­паған жөн.

Елордада жүргізіліп жатқан бұл жұ­­мыстар «Заң мен тәртіп» қағи­да­ты ая­сында жүзеге асырылуда. Атал­ған қа­ғидаттың негізгі мәні – қо­ғамда заң­ға құрмет қалыптастыру, құқық­бұзу­шылықтардың алдын алу және аза­маттардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету. Осы тұрғыдан ал­ған­да, есірткі жар­намасына қарсы кү­рес қоғамдық тәр­тіпті нығайтуға ба­ғытталған ке­шен­­ді шаралардың маңызды бөлігі са­на­лады.

Дегенмен қаланың қауіпсіздігі мен та­залығын сақтау тек полиция қызмет­к­ер­лерінің міндеті емес. Бұл іске тұр­ғын­дардың да белсенді қатысуы қажет. Әсіресе көпқабатты үйлердің қабыр­ға­ларында, балалар алаңдарында не­месе қоғамдық орын­дарда күмәнді ж­а­зуларды бай­қаған азаматтардың тиісті орган­дар­ға дер кезінде хабарлауы құ­қық­бұзушылықтардың жолын кесу­ге сеп­тігін тигізеді.

Осыған байланысты Астана қа­ла­­сы­ның Полиция департаменті тұр­ғын­дар­ды заңсыз әрекеттерге бей­жай қа­­ра­мауға шақырады. Есірт­кі жарна­ма­сы бар жазулар не­ме­се өзге де құ­қық­бұзушылықтар анық­тал­ған жағ­дайда 102 нөміріне ха­бар­ласуға бола­ды.

Қоғамдық қауіпсіздік әр азамат­тың жауапкершілігінен басталады. Есірткі жар­намасының таралуына тос­қауыл қою, қаланың тазалығы мен тәртібін сақ­тау және өскелең ұр­пақты зиянды әре­кеттерден қор­ғау – ортақ міндет. Сондықтан заң­сыздыққа көз жұма қара­май, дер кезінде әрекет ету қауіп­сіз әрі тәр­тіпті қоғам қалып­тас­тыру­дың маңыз­­ды алғышарты болмақ.

Айна ХАСАН