in

“Ішкі күйі ұнайды”: Ерке Есмахан өзінен 41 жас кіші адамға тұрмысқа шыққан әншіге қызығатынын айтты

Әнші Ерке Есмахан 78 жастағы америкалық әнші Шерилин Саркисянға қызығатынын айтып, желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жасы 78-де екен. Бірақ маған жас көрінетіні емес, ішкі күйі ұнайды. Жас көріну, көрінбеу маңызды емес. Бастысы лап-лап етіп тұрғаны ғой. Қасындағы жігіті 37-де. Мен өзімді ерекше өмір сүріп жатырмын деп жүрсем. Жақында «Victoria’s Secret» көрсетілімінде болған қыздарға емес, осы Шерге қарайсың. Энергетика деген осы шығар», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші Raim сахналық есімімен танымал Райымбек Бақтыгереевке тұрмысқа шықты. Қазір олардың Ислам есімді ұлы бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.