Түркістан облысы ТЖД ТЖМ тікұшағы санитарлық рейс жасағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Казавиақұтқару“ авиациялық қызметінің борт нөмірі EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді.
Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды.
Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, зардап шеккен адамды Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды.
Айта кетейік, Түркістан облысында орын алған өрт фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына ақауы бар электрұзартқыш себеп болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Барлық қызмет мамандары жұмысын жалғастырып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.