in

Танымал уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы көлік апатына түсті

Елімізге танымал дін маманы, уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол-көлік апатына ұшырады. Бұл туралы Mega Kz атты Фейсбук қолданушысы хабарлап, суретін жариялады.

«Нұрсұлтан Рысмағамбет ұстаз жол-көлік апатына ұшырапты. Алла тағала тез сауығып кетуін нәсіп етсін, дұғада болайық», – деп жазды ол.

Әзірге ұстаздың қазіргі жағдайы туралы басқа ешқандай ресми мәлімет жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.