in

Степногор шенеуніктері 23,5 миллиондық көлікті «жеп қойды ма?» – әкім көліктің қайда екенін білмейді

Президенттің үнемдеуге шақыруына қарамастан, жергілікті билік қымбат көліктерден бас тартпай отыр. Ал Степногор  қаласында тіпті бір автокөлік «жоғалып кеткен», – деп хабарлайды Аikyn.kz   Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.

2023 жылдың күзінде әкімдік «ПрофТехГрупп» компаниясынан әрқайсысы 23,5 млн теңгеден екі Hyundai Santa Fe сатып алды. Алайда біреуі ғана ресми түрде әкімдік балансына тіркелді – ол қазіргі әкімнің қарауында. Екінші көлік болса, жеткізуші компанияның айтуынша, қалалық прокуратураның пайдалануына кеткен. Бірақ техпаспорт пен кілт ЦОН-ға тапсырылмағандықтан, көлікті әкімдікке тіркеу мүмкін болмаған.

Әкімдіктің бухгалтері де растады: «Машинаны бірден прокурорлар алып кетті». Соның салдарынан штрафтар әлі күнге дейін компания атына келуде. Ал экс-әкім Алпысбай Қайыржанов пен бұрынғы аппарат басшысы «бәрі дұрыс» деп ақталады. Қазіргі әкім Гайдар Қасенов болса, «көліктің нақты қайда екенін білмеймін» дейді.

Қиындық мұнымен бітпейді. Поставщиктің қарыздарына байланысты көлікке арест қойылған. Енді мәселе сот арқылы шешілмек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.