in

«Мәңгілік сапарына шығарып салдым»: Құрманай Бақтиярқызының қызы естелік айтып, елді жылатты

Хит әндердің авторы, белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының тұңғышы Ханшайым желіде анасына жан тебірентерлік жазба арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сазгердің қызы анасы екеуінің арман-мақсаттары көп болғанын айтады. Ол анасына асқан қимастығын білдіріп, басты өкінішін айтты.

“Анашым менің, жұмағым менің, Алла бере салғаным! Мәңгілік сапарына шығарып салдым. Жарқыраған күн еді, менің арқасүйерім еді ғой. Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын. Бүгін үйден ғұсылын алдырып, сұлу болып шыққанда қимастық сезім қатты қысты. Раббыма “алдынан жарылқашы деп” көп дұға айттым. Бар періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп шығарып салдым. Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді ғой.

“Меккеге бірге барамыз анашым, сенің аяғың да, маңдайың да сәждеге тиді ғой. Енді бірге намаз оқиық, қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз” деп едік. Анашым, махаббатым, жәннатым! Жарығым, жатқан жерің жарық, қабірің кең болсыншы! Жүрегіме иман салған жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы”, – деп жазды сазгердің қызы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.